Мамандықтың сипаттамасы
Дефектология – дене және психикалық кемістігі бар балалардың даму, тәрбие және білім беру заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Осы бейіндегі мамандар балалардағы сөйлеу бұзылыстарын түзетумен айналысады. Логопед — дефектолог барлық жастағы адамдардағы сөйлеу және коммуникация бұзылыстарын бағалайды, диагностикалайды және түзетеді. Ол дыбыс шығару, сөйлеудің кешігуі, дизартрия, кекештену, афазия, алалия, ринолалия және басқа сөйлеу бұзылыстары бар жандармен жұмыс істейді.
Кім болып жұмыс жасайды
Логопед-мұғалім
Әлеуметтік педагог
Логопедиялық топтардың тәрбиешісі
Дефектолог
Мектепке дейінгі білім беру педагогы
Балалар психологы